
Камысты ауданының 75 жылдық мерейтойына орай, ШЖҚ «Қалалық офтальмологиялық көпсалалы ауруханасы» КМК өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, «Камысты аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның балансына заманауи жабдықтар табыстады.
Тапсырылған мүлік құрамына кіретіндер:
- 15 компьютер,
- 5 принтер,
- 3 теледидар,
- 1 бейнепроектор.
Бұл заманауи жабдықтар медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізуге бағытталады.
«Камысты аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілігі шын жүректен «Қалалық офтальмологиялық көпсалалы ауруханасы» КМК-на көрсеткен қолдауы мен жомарт сыйы үшін алғыс білдіреді.
Мұндай игі бастама – медицина мекемелері арасындағы тиімді әріптестіктің және өзара қолдаудың жарқын үлгісі. Әсіресе, бұл аудан үшін маңызды мерейтойлық жылы ерекше маңызға ие.
Жабдықтарды тапсыру рәсімі Камысты ауданының 75 жылдығын мерекелеуге арналды – бұл маңызды дата барлық мекемелер мен тұрғындардың бірігіп, өңірдің әрі қарайғы дамуы мен гүлденуіне күш салуын білдіреді.

