Жаңалықтар
Бүгін, 19 қыркүйекте, ауруханамыздың ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған жалпыреспубликалық сенбілікке белсенді қатысты. Аурухана қызметкерлері ұйымшылдықпен мекеме аумағына шығып, тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 🧹🌳 Барша әріптестерімізге белсенді қатысқандары, жауапкершілігі мен ұйымшылдығы үшін алғысымызды білдіреміз! Бірлесе отырып, ауруханамыздың аумағын таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлесімізді қосамыз. 💚 Таза аумақ — баршамызға ортақ іс! […]
Камысты аудандық ауруханасының ұжымы атынан және өз атымнан Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің өмір жолыңыз – халыққа адал қызмет етудің, таңдаған мамандыққа деген беріктіктің және туған өлкеңізге деген шынайы жанашырлықтың жарқын үлгісі. Сіз ұзақ жылдар бойы Камысты аудандық ауруханасын басқарып, жоғары кәсібилігіңізді, басшы ретіндегі көрегендігіңізді, жауапкершілігіңізді және аудан тұрғындарының денсаулығына деген ерекше қамқорлығыңызды […]
Адам папиллома вирусы (АПВ) — жыныстық жолмен таралатын кең таралған инфекция. АПВ-ның кейбір түрлері, әсіресе 16 және 18 типтері, жатыр мойны обырының және басқа да қатерлі ісіктердің дамуына себепші болады. Неліктен қыз балаларға екпе жасау маңызды? Жатыр мойны обырына шалдығу жағдайларының 70%-дан астамы АПВ-ның онкологиялық қауіпті 16 және 18 түрлерімен байланысты.9–14 жас аралығындағы қыздарға екпе […]
Жергілікті бюджет есебінен жаңа медициналық жабдықтар сатып алынды «Қамысты аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК жергілікті халықты медициналық көмекпен сапалы қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жаңа заманауи медициналық жабдықтар сатып алынғанын хабарлайды. Аталған жабдықтар диагностиканың сапасын арттыруға, емдеу үдерісінің қауіпсіздігін күшейтуге және медициналық қызметтердің тиімділігін көтеруге бағытталған. Сатып алынған жабдықтардың құрамы: Есту функциясын […]
Камысты ауданының 75 жылдық мерейтойына орай, ШЖҚ «Қалалық офтальмологиялық көпсалалы ауруханасы» КМК өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосып, «Камысты аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның балансына заманауи жабдықтар табыстады. Тапсырылған мүлік құрамына кіретіндер: 15 компьютер, 5 принтер, 3 теледидар, 1 бейнепроектор. Бұл заманауи жабдықтар медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға, […]
12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]
