Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс

                                                      Қамысты аудандық ауруханаға жаңа дәрігерлер келді!

Құрметті аудан тұрғындары!

Қамысты аудандық ауруханасы жаңа мамандармен толықты. 2025 жылы біздің медициналық мекемеге бірқатар білікті дәрігерлер келіп, өз қызметіне кірісті. Бұл — аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жұмысқа келген мамандар:

  • Хирург

  • Анестезиолог-реаниматолог

  • 2 терапевт-дәрігер

  • Медициналық статист-дәрігер

  • 2 педиатр-дәрігер

  • Эпидемиолог-дәрігер

Жаңа мамандардың келуі аурухананың кадрлық әлеуетін күшейтіп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің жақсаруына ықпал етеді.

Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қажет болған жағдайда біздің мамандарға жүгініңіздер!

Қамысты аудандық ауруханасы
Сіздің денсаулығыңыз — біздің басты назарымыз.