Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін, 19 қыркүйекте, ауруханамыздың ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен ұйымдастырылған жалпыреспубликалық сенбілікке белсенді қатысты.

Аурухана қызметкерлері ұйымшылдықпен мекеме аумағына шығып, тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. 🧹🌳

Барша әріптестерімізге белсенді қатысқандары, жауапкершілігі мен ұйымшылдығы үшін алғысымызды білдіреміз! Бірлесе отырып, ауруханамыздың аумағын таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлесімізді қосамыз. 💚

Таза аумақ — баршамызға ортақ іс!
Бірге — таза Қазақстан үшін!